«Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 120/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27963 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 347) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-1-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 347) тармақшасына сәйкес әзірленді және дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылаудың мемлекеттік сервисінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: